Құрбан айтта сыйақыдан құр қалған елордалық тұрғын Тасмағамбетовке шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айтта сыйақыдан құр қалған елордалық тұрғын Тасмағамбетовке шағымданды

Құрбан айтта сыйақыдан құр қалған елордалық тұрғын Тасмағамбетовке шағымданды

Құрбан ай мерекесінде сыйақыдан шет қалған Астаналық тұрғын қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жеке блогына хат жазды.

  • 10 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

«Менің енем «Қазгидромет» зертханасында Астана қаласы бойынша бақылаушы болып қызмет істейді. Құрбан айт мерекесі қарсаңында зертхананың қызметкерлеріне сыйақы берілді, бәріне бірдей емес, жекелеген адамдарға… Ал, бақылаушылар сенбі күні жұмыс істеген, бірақ сыйақы алған жоқ. Осының ақ-қарасын айыруыңызды, адам құқын аяққа басу көріністеріне жол бермеуіңізді өтінеміз», — деп жазған Эльвира есімді тұрғын.

Хатқа жауап берген И.Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 126-бабының талаптарына сәйкес, қызметкердің өндіріс тиімділігін арттырып, жұмыс сапасын жақсартуға мүдделілігін күшейту мақсатында жұмыс беруші сыйақы беру және басқа да ынталандыру жүйесін енгізе алатындығын, әйтсе де, сыйақы төлеу жұмыс берушінің нақты міндеті болып саналмайтындығын атап өтті.

«Алайда, егер нақты бір дерек орын алған болса, шара қабылдау үшін қызметкер қолданыстағы заңдарға сәйкес Иманбаева көшесіндегі 16-үйде орналасқан Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жүгіне алады, ал аты-жөні жазылмаған «домалақ арыздар» қаралмайды», — деп түйіндеді әкім.

Соңғы жаңалықтар