Құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады

Құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.

  • 28 Шiлде 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарланған болатын. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

Құрбан шалуға онлайн түрде қалай тапсырыс беруге болатынын сайттың өзіне кіріп білуге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайтынын хабарлаған еді.


«Еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», — деді Бас Мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, Бас мүфти онлайн шалынған құрбан еттерін мұқтаждарға таратуға волонтерлерді шақырды.