"Құрбым солай ұлды болды". Жүкті әйел ұл босану үшін басына шеге қаққан (фото) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрбым солай ұлды болды". Жүкті әйел ұл босану үшін басына шеге қаққан (фото)

"Құрбым солай ұлды болды". Жүкті әйел ұл босану үшін басына шеге қаққан (фото)

Үш қыздың анасы төртінші баласы ұл болуы үшін емшінің сөзіне ерген. Осылайша басына шеге қағып, ауруханадан бірақ шығып отыр.

  • 10 Ақпан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Келеңсіз жағдай Пәкістанда болған. Dawn ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хайбер-Пахтунхва провинциясының тұрғыны күйеуінен ажыраспау үшін, ұл тууға әрекеттеніпті. Ол төртінші перзенті ұл болуы үшін жергілікті емшілердің біріне барған. "Басыңа шеге қақсаң ұл туасың" деген емшінің сөзіне сеніп, оның айтуы бойынша әрекет еткен. Алайда, басынан қан сорғалаған әйел ауруханадан бірақ шығады.

Келіншек дәрігерлердің сұрағына емшіні жақын құрбысы айтқанын, әрі сол танысы дәл осылай басына шеге қағып ұлды болғанын естіп барғанын түсіндірген.


Ол жүктіліктің үшінші айында. Күйеуі төртінші бала қыз болса, ажырасамын деген екен. Некесін сақтап қалу үшін емшінің айтқанын істеп отыр,— дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда жергілікті полиция жалған емшіні іздестіріп жатыр.