Құрғақшылықтан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен өтінім қабылдау аяқталды- «ҚазАгро» - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрғақшылықтан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен өтінім қабылдау аяқталды- «ҚазАгро»

Құрғақшылықтан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен өтінім қабылдау аяқталды- «ҚазАгро»

Қазіргі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниялары құрғақшылықтан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен 384 өтінім қабылдады.

  • 20 Қараша 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz

Келіп түскен құжаттарға сәйкес несие мерзімін ұзартудың жалпы сомасы 14,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл өз кезегінде шаруаларға көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін берілген бюджеттік несие қаражаты. Бұрын да айтылып өткендей, өзінің қаржылық міндеттерін орындау бойынша мерзімін ұзартуға өтінімдер қабылдау бүгін, яғни 2012 жылдың 20 қарашасында аяқталады.

Қазіргі уақытта холдингке оның еншілес ұйымдарының басқа несиелік және лизинг өнімдері бойынша мерзімін ұзарту жөніндегі өтінімдер келіп түсуде. Жалпы, барлық бағдарламалар бойынша 16,7 млрд.теңге сомасына 621 өтінім қабылданды.

Несиелердің мерзімін ұзарту туралы шешім Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2012 жылғы 23 шілдедегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Осы шешімдерге сәйкес, «ҚазАгро» холдингіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп құрғақшылықтың зардабын аса көп тартқан аймақтардағы қарыз алушылардың несиелерінің мерзімін ұзарту бойынша жұмыс өткізу тапсырылды.

Мерзімін ұзартуға Холдингтің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне «ҚазАгро» холдингі» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша іс-шаралар жүргізуге тартылған Бюджеттік несие қаражаты есебінен 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзіммен берілген несие қаражаты жатады. Бағдарламаның операторлары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ болып табылады.

Қарызды қайтару мерзімін ұзарту «Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметердің негізінде жүзеге асырылады. Олардың карталарына сәйкес, құрғақшылықтың негізгі ошағы Батыс-Қазақстан облысының жеке аймақтары, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік бөліктері және Қарағанды облысының оңтүстік бөлігі, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктері болып табылады. Қазақстанның басқа өңірлерінде де құрғақшылықтың расталған фактілері бар.

Холдингпен облыс Әкімдіктеріне Холдингтің несиелеуші ұйымдарына уақытында ұсыну үшін Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (АШТӨ) барлық қажет құжаттарды жинауға көмек көрсетулері туралы үндеу жолданды.

Сонымен қатар, БАҚ-та несие мерзімін ұзартуға жинайтын құжаттар топтамасы азайтылған жеңілдетілген шарттары ресми түрде жарияланды. АШТӨ тарапынан берілген өтінішке сәйкес және құжаттарды жинауға уақыттың жетпеуіне байланысты өтінімдерді қабылдау мерзімі Холдингтің бастамасы бойынша 2012 жылдың 10 қарашасынан 20 қарашаға дейін ұзартылды.

Қалған уақытта, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қарыз мерзімін ұзарту, АШТӨ қосымша келісімдерге қол қою, сондай-ақ Холдингтің тартылған бюджеттік несие қаражатын республикалық бюджет алдында өтеуі үшін қаржы ресурстарын іздестіру бойынша Холдинг белгіленген рәсімдерді өткізуі қажет.

Соңғы жаңалықтар