Құрғақшылықтан зардап шеккендерге берілген несиелердің мерзімі ұзартылады - «ҚазАгро» - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрғақшылықтан зардап шеккендерге берілген несиелердің мерзімі ұзартылады - «ҚазАгро»

Құрғақшылықтан зардап шеккендерге берілген несиелердің мерзімі ұзартылады - «ҚазАгро»

«ҚазАгро» биылғы жылғы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтардың несиелерінің мерзімін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізуде.

  • 30 Қазан 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызиметі хабарлады.

Қазіргі таңда шаруашылықтардан Холдингтің еншілес компаниялары — «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге алынған несиелер бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты алынған несиелерінің мерзімін ұзартуға 182 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жалпы сомасы 464 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 459 млн.теңгенің 51 өтінімі мақұлданып, мерзімін ұзарту рәсімделген. Компанияның қарауында 2,3 млрд. теңгенің 131 өтінімі жатыр.

Ағымдағы жылы Қазақстанның жеке аймақтарында ауа райының құрғақшылығына байланысты күрделі жағдайлардың қалыптасқаны белгілі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша құрғақшылықтың негізгі ошағы Батыс-Қазақстан облысының жеке аймақтарында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде байқалды. Қазақстанның басқа аймақтарында да құрғақшылықтың дәлелді деректері бар.

Несие бойынша мерзімін ұзарту шарттары:

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2012 жылғы 10 қарашаға дейін;

Несие мерзімін ұзарту уақыты: 2013 жылы 20 қарашаға дейін;

ӘКК кепілдігімен ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден астықты форвардтық сатып алу бойынша мерзімін ұзарту шарттары;

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2012 жылғы 10 қарашаға дейін;

Несие мерзімін ұзарту уақыты: 2013 жылы 20 қарашаға дейін;

Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ұлттық холдингі облыс әкімдіктері және аймақтық Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен міндеттерінің мерзімін ұзартуды ұсыну шеңберіндегі өзара іс-қимылдар бойынша жұмысты жалғастыруда (егістіктерді есептен шығару жөніндегі комиссия жұмысы). Бұдан басқа ауыл тұрғындарына құрғақшылық салдарын жою және несие мерзімін ұзарту шарттары бойынша қабылданатын шаралар түсіндірілуде.

Бұрын хабарланғандай, «ҚазАгро» компаниясы тобына кіретін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің олардың 023 бюджеттік бағдарламасы есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына алған, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен берілген несиелер бойынша міндеттемелерінің мерзімін ұзартуға өтінімдерді жинауға кірісіп кетті.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын жаңарту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 23 шілдедегі шешіміне сәйкес қабылданды.

Соңғы жаңалықтар