Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» - «Амур» командасын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрлықтық хоккей лигасы:  «Барыс» - «Амур» командасын ұтты

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» - «Амур» командасын ұтты

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кешегі ойынын «Барыс» хоккейшілері Хабаровск қаласында «Амур» командасымен өткізіп, бұл доданы жеңіспен аяқтады.

  • 13 Қаңтар 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz


Бүгін, 13 қаңтарда астаналық хоккейшілер аталған командамен екінші ойынын өткізеді.

Атап айтқанда, ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» хоккейшісі Брэндон Боченски есеп ашты. Ал екінші шайбаны Лукаш Кашпар салып, есепті еселеді. Екінші кезеңнің 16 минутында астаналық команда үшінші шайбаны салу мүмкіндігін жүзеге асырды. Алайда бұл кезеңнің аяқталуына 40 секунд қалғанда «Амурдың» хоккейшілері өз есептерін ашты. Сондай-ақ үшінші кезеңнің 7 минутында Хабаровск ойыншылары «Барыс» қақпасына екінші шайбаны салды. Арада 5 минут өткеннен кейін астаналық Кевин Даллмэннің соққан шайбасы қарсыластардың қақпасынан табылды. Сонымен 4:2 есебімен «Барыс» бұл тартысты жеңіспен аяқтап, турнирлік кестеде бір саты алға жылжыды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера