А.Мадумаровтың айтуынша, Н.Назарбаев Қырғызстан президентінің инаугурациясына байланысты Бішкекке келмекші. Салтанатты рәсім 14-тамыз, жексенбіде Бішкектің орталық алаңында өтеді.
Қырғызстан мемлекет басшысы Құрманбек Бакиев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысады. Бұл туралы бүгін, 11-тамызда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан вице-премьерінің міндетін атқарушы Адахан Мадумаров құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
А.Мадумаровтың айтуынша, Н.Назарбаев Қырғызстан президентінің инаугурациясына байланысты Бішкекке келмекші. Салтанатты рәсім 14-тамыз, жексенбіде Бішкектің орталық алаңында өтеді.