«Қазақ әріптестермен бірлесе отырып біз жылына 50 млн. тонна мұнай өндіре аламыз»,- деді С.Богданчиков. Бұған дейін аталмыш жоба аясында жылына 60 млн. тонна мұнай өндіріледі деген болжам жасалған-тұғын.
Мұндағы алғашқы ұңғы 2006-жылы бұрғыланады. Ал құрылымдағы барлау шаралары 6 жылға созылады. Бұл мерзімді екі жылға екі мәрте созуға мүмкіндік бар.
Құрманғазы кенішінің келешегіне тоқталған С.Богданчиков ресейлік сарапшылар кеніштегі мұнай қорын 2 млрд. тонна емес, 1 млрд. тонна деп бағалап отырғанын жеткізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 6-шілдесінде Астанада «ҚазМұнайТеңіз» бен «Роснефть-Қазақстан» компаниясы Құрманғазы кенішіндегі көмірсутегі қорын игеруге бағытталған бірлескен іс-шаралар туралы келісімге қол қойды.
Құрманғазы құрылымын «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен Ресейдің «Роснефть» мұнай компаниясы бірлесе игеруге келіскен. Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бұйрығымен екі компания да 2002-жылы Құрманғазы жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар ретінде анықталған.
«Роснефть» бірлескен жобаның 25 проценттік үлесін, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ 50 проценттік үлесін иемденсе, қалған 25 процентін опцион бойынша Ресейдің «Зарубежнефть» компаниясы сатып алған.
2003-жылы бұл жобаға қатысуға ниет білдірген көптеген компаниялар арасындағы тендер қорытындысы бойынша «Total Қазақстан» компаниясы ең таңдаулы нәтижелер көрсетті.
Құрманғазы құрылымынан алынатын болжамды мұнай қоры шамамен 1 млрд. тоннаны құрайды. Оны барлау жұмыстарына 2 жыл, ал бағалау және коммерциялық ашылуын жариялауға 3 жыл, кенішті жайластырып өнім өндіре бастауға 4-5 жыл сарп етіледі деп күтілуде. Көмірсутегі шикізатын коммерциялық мақсатта өндіру тек осыдан кейін ғана басталады.
Құрманғазы құрылымындағы екі ұңғыны бұрғылау, 2D сейсмикалық жұмыстары мен бағалауды қамтитын бастапқы бағдарламаны жүзеге асыруға 50-70 млн. доллар қажет. Қаржыны әріптестер тең бөліп шығарады.
Кенішті игеру мерзімінде еліміздің түрлі деңгейлі бюджеттеріне 31 млрд. доллар қаржы құйылмақ.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті