Құрманғазы жобасы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өнім бөлісу жөніндегі Келісім жобасы Қазақстан үкіметінің қарауына беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманғазы жобасы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өнім бөлісу жөніндегі Келісім жобасы Қазақстан үкіметінің қарауына беріледі

Құрманғазы жобасы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өнім бөлісу жөніндегі Келісім жобасы Қазақстан үкіметінің қарауына беріледі

Қазір Каспий теңізіндегі Құрманғазы жобасы бойынша Өнім бөлісу жөніндегі келіссөздер жүргізілуде. Соған сәйкес келісімнің өзара келісілген нұсқасы жуырда Қазақстан үкіметінің қарауына жіберіледі. Бұл туралы "Роснефть Мұнай компаниясы" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 7 Шiлде 2003
  • 531
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шілдеде барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстарының жобасын дайындау, 1-ші және 2-ші барлау ұңғыларының құрылысын салу және инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары бойынша мердігерлер арасында тендер өткізілді.

Бизнес-жоспарға сәйкс Құрманғазы құрылымында биылғы жазда барлау мақсатындағы екі ұңғыны бұрғылау көзделіп отыр. Лицензиялық алқаптағы жалпы мұнай қоры 240 млн . тоннаны құрайды деп болжанған. Алғашқы сатыда жылына 100 мың тонна мұнай өндіру, ал 6-7 жылдан кейін мұнай өндіру көлемін 10 млн . тоннаға дейін жеткізу межеленген. Жоба 30 жылда жүзеге асырылады. Жобаның өзіндік құны 7-10 жылда өтеледі деп күтілуде. Іздеу-барлау жұмыстарының сатысына 100-120 млн. доллар инвестиция салу жоспарланған. Учаскені игеру жобасының жалпы құны 1,5 млрд. долларды құрайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 13-тамызында «Роснефть» мен «ҚазақМұнайГаз» жоба аясындағы ынтымақтастық параметрлері бойынша инвесторлардың негізгі ұсыныстарын айқындайтын өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойған болатын. Қазақстан үкіметімен екі арадағы келіссөздерді бастауға алғышарт болатын басты ұсыныс ретінде кенішті өнімді бөлісу шарты бойынша игеру, ол үшін «Роснефть» мен «ҚазақМұнайГаз»-дың бірлескен консорциумын құру ұсынылып отыр.
Тараптар «Құрманғазы жобасын бірлесіп жүзеге асыру принциптері жөніндегі Келісімге» қол қойды. Бұл — «Жұмыстарды бірлесіп атқару жөніндегі Келісімге» қол қоюға арқау- құжат болмақ. Ал өз кезегінде бұл келісім екі компания арасындағы жобаны нақты жүзеге асыру барысындағы байланыстардың егжей-тегжейін белгілейді.
Сондай-ақ, Роснефть Қазақстанда Атырау облысының Адай блогында барлау жұмыстарын жүргізуші Adai Petroleum Company Бірлескен кәсіпорнының 50 процент акциясын иемденеді. Ал қалған 50 проценті АҚШ-тың First International Oil Corporation кәсіпорнының иелігінде. Бұл жерде өткен жылы барлау мақсатындағы үш ұңғы бұрғыланған, қазір төртіншісі бұрғылану үстінде.

Соңғы жаңалықтар