Ол үкімет тарапынан аталған проблеманы шешу үшін бірнеше бағытта шаралар қолданылып жатқанын еске салды. «Біріншіден — өткн жылдың күзінен бері «Қазына» қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржы бөлінді», — деді Кәрім Мәсімов. Тек Астанада 48,8 млрд теңге бөлінді, деді ол.
«Бұл ақша толық игерілуге тиіс, жұмыс аяқталуға тиіс. Бұл сіздің тікелей жауапкершілігіңізде», — деді Кәрім Мәсімов Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті