Ол үкімет тарапынан аталған проблеманы шешу үшін бірнеше бағытта шаралар қолданылып жатқанын еске салды. "Біріншіден - өткн жылдың күзінен бері "Қазына" қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржы бөлінді", - деді Кәрім Мәсімов. Тек Астанада 48,8 млрд теңге бөлінді, деді ол.
"Бұл ақша толық игерілуге тиіс, жұмыс аяқталуға тиіс. Бұл сіздің тікелей жауапкершілігіңізде", - деді Кәрім Мәсімов Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа.