Caravan Logo

Құрылыс саласындағы бірқатар басшылар алмасты - Қызылорда облысы

Құрылыс саласындағы бірқатар басшылар алмасты - Қызылорда облысы


Облыс әкімінің өкімімен Нажмадин Шамұратов сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы орынтағына Сержан Нәметша отырды. Бұл екеуі осылай бір-бірімен қызмет ауыстырды. Ал құрылыс басқармасының бастығы қызметіне Батыржан Қаракөзов кірісті. Ол бұған дейін облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып істеген.