«Аймақтық даму министрлігі құрылсын. Оған Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық даму саласындағы мемлекеттік саясатпен айналысу, кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін үйлестіру функциясы берілсін», - делінген жарлықта.
Сонымен қатар, президент Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстары басқармасын жаңадан құрылатын Аймақтық даму министрлігінің қарамағына беруді тапсырды.
Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үкімет құрамында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері; кәсіпкерлікті дамыту; жер ресурстарын басқару комитеттері бар Аймақтық даму министрлігін құруы тиіс.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік пен Жер ресурстары басқармасы жаңадан құрылған Аймақтық даму министрлігінің қарамағына өтетін болды
