Құрылысы аяқталмаған «Нұркент» ықшамауданына қатысты дау бітер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылысы аяқталмаған «Нұркент» ықшамауданына қатысты дау бітер емес

Құрылысы аяқталмаған «Нұркент» ықшамауданына қатысты дау бітер емес

Алматыда негізгі уақытынан бір жыл кешігіп біткен 18 үйдің құрылысына қатысты даудың бітер түрі жоқ. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғызылған «Нұркент» ықшамауданының жай-күйін осыдан екі апта бұрын сөз еткен болатынбыз. Яғни үйлерде жеделсаты істемейтінін, газ, ыстық су қосылмағанын, басқа да түйткілдерді айттық. Тау-тау арыз-шағымын жазып, қала басшысының тынышын алған тұрғындар бүгін жаңа әкім Бауыржан Байбекпен бетпе-бет кездесті.

  • 28 Тамыз 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Екі апта бұрын әңгіме қылған ықшамауданымыз осы. Әкім келеді дегелі мұнда қарбалас басталған. Әншейінде бұл маңайда сирек көрінетін құрылыс компаниясының басшысы бүгін шырттай киініп, бар тірліктің басын қайырып жүр. Әлден соң әкім де келді. Жұрт жиналды да, базыналарын айта бастады.

— Үйден су ағып тұр. Соны екі айдан бері екі күн бұрын ғана тапты. Мына арадан болып жатыр екен. қазір тас-талқаны шықты үйдің. – Қай үйден? Вода течет, да? – Міне, мына 42/19.

Әкім ізбасарларымен келіп, бүкіл тұрғындар жиналып тұрған жерде құрылыс компаниясының басшысы еш шіміріккен жоқ. Кезекті уәдесін беріп, қызыл тілдің тиегін ағытып тұр. 

Үсейін Хасанов, құрылыс компаниясының басшысы:

Бүгінде тоғыз қабатты 9 үй ыстық суға қосылған. Қалған үйлерге ыстық су келесі аптада келетін болады. Сондай-ақ, газ да келесі айдың басында беріледі. Жалпы, тұрғындардың барлық шағымдарын тіркеп отыратын адам тағайындадық. Кемшіліктер табылса, дереу жөндейміз.

Алайда компания басшысы өткен жолы да бәрін қарық қыламыз деп сөз берген болатын. Бірақ араға екі апта салып келгенде, айтарлықтай өзгеріс байқай алмадық. Көзге қораш көрінетін баспалдақпен көтеріліп, Гүлшат апаның пәтеріне кірсек, сызат түскен қабырға мен қаусап қалған терезе сол қалпы тұр.

— Я тот раз журналистов пригласил. После этого не один человек не звонил, не заходил, не спрашивал, чем вам помочь.

Қазір мұндағы 18 үйдің тек екеуінде ғана жеделсаты жұмыс істеп тұр. Ал қалғандары жұмыс істемек түгілі, шақыру түймесі де орнатылмаған. Кей үйлердің тіпті кіреберіс есігінде мынадай саңылау бітеусіз қалған. Кем-кетіктің бәрінен хабардар болған әкім дереу сол жерде арнайы штаб құрып, барлық мәселелерді тізіп алып, өзі қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

— Большие вопросы, здесь уже все подписано. Согласно этого графика я на личный контроль беру. Значить, мой заместитель бір айдан кейін өзі келіп, тұрғындармен осы форматта кездесіп, кері байланыс орнатып, должень узнать как это все.

Құрылысы аяқталмаған «Нұркент» ықшамауданына тұрғындар әлі толық қоныстанып бітпеген. Мұндағы тұрғын үйлердегі коммуналдық желілерден бөлек, аулаларда көріктендіру жұмыстары дегеніңіз қызып жатыр. Дегенмен, құрғақ уәдеге тойдырған құрылыс компаниясына әкімдік тағы бір ай мерзім беріп отыр. Енді қыркүйектің соңына дейін бүкіл жұмыстар тәмамдалмаса, құрылысшыларды қатаң жаза күтіп тұр.  

Соңғы жаңалықтар