Құрық айлағында мұнай тиейтін терминал құрылысы салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрық айлағында мұнай тиейтін терминал құрылысы салына бастады

Құрық айлағында мұнай тиейтін терминал құрылысы салына бастады

"Құрық айлағында мұнайды танкерлерге тиейтін терминал құрылысы салына бастады. Елімізде теңіздегі үлкен мұнай өндіріле бастаған сәтте бұл жұмыс толық аяқталады деп сенемін". Бұл туралы 23-ақпанда Алматы мен Астана астана арасында өткізілген бейне баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

Ұ.Қарааблин «қазіргі таңда Баку-Тбилиси-Жейхан жобасын қаржыландыру жұмыстары аяқталып, құрылыс салу шарасы жалғасын табуда» деп атап көрсетті. Қазір Қазақстан мен Әзербайжан арасында Ақтау-Баку жүйесін пайдалануға беріп, оны арықарай Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесіне қосу жөніндегі келіссөздер жүргізіліп жатыр деді ҚазМұнайГаз президенті. «Алайда, мұндай деңгейдегі келіссөздерді үкімет бекітуі тиіс. Талқыланып жатқан барлық мәселелер бойынша таяу уақыттарда келісімге келеміз деген сенім бар. Мәселе заңнамаға және салыққа байланысты болғандықтан, бұл жерде мұқият әрі ыждағатты көзқарас қажет»,- дейді ҚазМұнайгаз президенті.

«Бастапқы кезеңде біз Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша жіберілетін мұнайды танкерлермен жөнелтуді көздеп отырмыз. Алғашқы әзірде жылына 10 млн. тонна мұнай жөнелтіліп, соңыра бұл көлем ұлғайтылады»,- деді Ұ.Қарабалин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір елімізді Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасына біріктіру мүмкіндіктеріне қатысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасы «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин мен Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев басқаратын жұмыс топтарының сарапшылары деңгейінде келісілгеннен кейін бұл құжат екі ел үкіметтерінің қарауына беріледі. Бұл келісімге Ақтау-Баку жүйесінің инвесторлары мен екі ел үкіметтері қол қойғаннан кейін өзара транзиттік келісімдерге қол қойылады.
Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыру үшін Ақтаудан оңтүстік -шығысқа қарай 76 шақырымда орналасқан Құрық айлағында мұнай сақтау және тасымалдауға арналған жаңа терминал салу, сондай-ақ, жалғастырғыш құбырлар тарту көзделген.
Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.

Соңғы жаңалықтар