Құсайынов Шығысты көлік түтінінен құтқаруға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құсайынов Шығысты көлік түтінінен құтқаруға уәде берді

Құсайынов Шығысты көлік түтінінен құтқаруға уәде берді

Президенттіктен үміткер Әбілғазы Құсайынов елдің экологиялық өзекті мәселелерін Өскемен жұртшылығына да түсіндірді.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Шығыстағы шаһарда сайлаушыларымен кездескен ол автокөлік түтінінен келетін зардаптарға тоқталды. Өскемендегі «Алтай» технопаркінде өткен кездесуде Әбілғазы Құсайынов үгіт-насихаттан бұрын алдымен өзінің өмір жолынан сыр шертті. Сонан соң елдегі тұщы судың тапшылығы мен автокөліктерден шығатын улы түтіндер жайына көшіп, осы олқылықты жою жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Сонымен бірге ел экономикасын жетілдіру жөніндегі ойларымен де бөлісті.