Құзырлы органдар педофильдерді қорғамауы керек - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құзырлы органдар педофильдерді қорғамауы керек - Айгүл Орынбек

Құзырлы органдар педофильдерді қорғамауы керек - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек Сарыағаштағы 5 жасар бүлдіршінің өлімі туралы пікірі қалдырды.

  • 18 Шiлде 2023
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кешегі Сарыағаштағы бес жасар бүлдіршін жоғалып, зорлыққа ұшырап, өлі денесі табылды!

Ал мына Шымкенттегі жасөспірім қыз жеті күнде табылды! Дәл солай ажал құшуы мүмкін еді ғой?

Құзырлы органдар ПЕДОФИЛЬДЕРДІ қорғамауы керек!

Шымкентте АНА мен БАЛА құқығын аяққа таптаған құзырлыларға қатысты ҚР Бас прокуратурасы жауапкершіліктерін қарап, ЗАҢҒА сай шара көреді деген үміттемін

Дәл осы іс бойынша Президент әкімшілігі, Бас Прокурату?.jpg?а жазған шағымдарымның біреуіне де — жауап берілген жоқ!

Зорлыққа ұшыраған ЖАСӨСПІРІМ қыздың ісінде өрескел қылмыстық заңбұзушылықтарға жол берген құзырлыларды Берік Асылов тікелей біртіндеп тұрып өзі қатаң жауапкершілікке тартсын!


Ел Президенті Қ.К.Тоқаев педофильдерден зорлық көрген жасөспірімдердің ісін — БАСТЫ назарға алуды, бұл санатты істерде сыбайластыққа жол бергендерді — жазалауды тапсырды

Бұл сюжеттің ЖАЛҒАСЫ БАР екенін ескертемін…!", — деп жазды ол.