Қыдырәлі Болманов ата-бабалардан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қыдырәлі Болманов ата-бабалардан кешірім сұрады

Қыдырәлі Болманов ата-бабалардан кешірім сұрады

Қыдырәлі Болманов ата-бабаларымыздан кешірім сұрады.

  • 11 Маусым 2019
  • 173
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  Caravan.kz медиа-порталы хабарлды.

Елдегі жағдайларды көңіл-күйімен жеткізген Қырәлі Болманов желідегі парақшасына жазба қалдырған.

Көңіл-күй осындай..Қара жорға күйі де,аспандағы бұлттармен сәйкес,көңіл-күйіммен үндес іспетті..Әлеуметтік желі де мазасыз..Өмір де осы машиналардай зуылдап жатыр..А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов Уфа қаласында "Шарқ" баспасынан 1909 жылы бастырып, «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды……..Жауларынан тайсалмай қасқая тұрып алысқан,жандары Жәннәтта болғыр қайран аталарым-ай…Кешіріңдерші біздерді……Кешіріңдерші….Дәл қазір Қазақтың жауы Қазақ болып жатқаны үшін…Қазақ-Қазаққа шапқаны үшін..Өз Қазағым өздерін-сүйреп жүріп жапқаны үшін…Әлеуметтік желіде бірін-бірі улы сөздермен -атқаны" үшін ! Алласына сиынып,әрекет істеудің орнына,бүгінгі ұрпағың қарызға,- белшесінен батқаны үшін ! Өзін-өзі табалап,күндеп,айыпты етіп жатқаны үшін…Сіздер айтқан уақыттан,Бір ғасыр -он жыл өтсе де,-ояна алмай жатқанымыз үшін ! ( шырмалып жатқан түнгі ойлар…)

Соңғы жаңалықтар