Қыдырәлі Болманов balbala брендімен шұлықтарын сатылымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыдырәлі Болманов balbala брендімен шұлықтарын сатылымға шығарды

Қыдырәлі Болманов balbala брендімен шұлықтарын сатылымға шығарды

Қыдырәлі Болманов balbala брендімен шұлықтарын сатылымға шығарды.

  • 13 Тамыз 2019
  • 229
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Әнші Қыдырәлі Болманов отандық өнімді тұтынуды барша халыққа ұсынды. 

"Көптен күткен өнімдеріміздің алғашқы партиясы дайын болды. 28-жыл бойы Елімізді 90-пайыз шет ел тауарлары жайлап алған! Біздер тек тұтынушылармыз. Шұлықтарға келсек, Біз, 18 жарым миллион Қазақстандықтар сатып аламыз,ол миллиардтаған қаражат алыс-жақын шет елдерге кетеді. 28-жыл бойы тек шұлыққа кеткен қаражаттың өзі триллиондаған теңге! Ол қаражатты өз елімізде қалдыруға,жұмыс орындарын ашуға,экономикамызды дамытуға тырыспаймыз!Оның үстіне, әсіресе көрші елдерден келетін арзан носкилер-қалпынша СИНТЕТИКА! Сондықтан да өте арзан! Денсаулығымызға,әсіресе балаларымызға өте зиян! Бірақ оның сапасын тексеріп,лаборатоияға беріп жатқан бір-де бір ұжым,бір-де бір адам байқамадық! Сондықтан бір Аллаға сиынып,сапалы,таза мақтадан БАЛБАЛА БРЕНДІМЕНЕН "носки" өндірісін бастадық.Оңай емес. Қиын екен деп қол қусырып,басқа елдердің тұтынушы "боданы" болып отыра беру,ақылға ақылға сыймайды!Намыс деген дүние де санамызға маза бермейді. Аталарымыздың,-өзге елдің соғысынан қорықпа,-саудасынан қорқыңдар деген сөзі тағы бар. Ең бастысы ниет түзу! Алаңға шығып,айқайлағаннан көрі,мақсаты бар,мәні,маңызы бар нағыз күрес осылай басталуы тиіс сияқты!

Отандық өнімдеріміздің басқа шет ел өнімдерінен,артықшылығы көп болуы қажет.

balbala БРЕНДІМЕН шығатын өнімдеріміздің артықшылықтарына тоқтала кетейін.

1-еуропалық "тестированиеден" өткен,таза мақтадан иірілген,ЖОҒАРҒЫ СОРТТЫ ЖІП.

2-ші,жақсы талғаммен жасалған,әдемі түстер менен креативті ДИЗАЙН.

3-ші аяқтың қан тамырларын қыспайтын ерекше технологиямен жасалған резеңке.

4-ші МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТҚА САЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ.

5-"двойная пятка"

6-шы,ЭКСПЕРТИЗАДАН ӨТКЕН САПА СЕРТИФИКАТТАРЫ.

7-ші,-ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН,(балаларға да,жасөсрірімдерге,әйелдерге,қыздарға үлкендерге де ) ОТАНДЫҚ ӨНІМ,ҰЛТТЫҚ БРЕНД.

Жарнамасы болады деп уәде бергенбіз. Қасиетті құрбан айт қарсаңында дайын болғанын жақсы ырымға балаймыз. ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ МҮБАРАК БОЛСЫН! АЛЛА ЖАР БОЛЫП,БЕРЕКЕСІН БЕРГЕЙ!" деп жазды. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) on