Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы: Табыс табу үшін жүк тасуға да келістім - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы: Табыс табу үшін жүк тасуға да келістім

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы: Табыс табу үшін жүк тасуға да келістім

Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы айлық табысын айтып, жұртты қызықтырып қойды. Бекболат өзінің инстаграм парақшасына, "Есімді білгелі бері таңертеңнен түн батқанша еңбекқорлығы біздерді асырап, бағып, оқытып, мені де, інілерімді де, білімді қылып өсіруі ушін, қосымша Шаxмат, Футбол, қосымша сабақтарға берді. Есейе келе ойлана бастадым, анашымнын алдындағы перзенттік парызымды қалай өтесем екен? Қайтсем анашым мен әкемнін жүректерін қуантам?

  • 11 Шiлде 2018
  • 208
Фото - Caravan.kz

Әкемнің маған айтқан әңгімелерінің бірі есіме қатты сақталып қалды. Әкем әжесінің қолында өсіпті, әкемнің ағасы МұxаммедӘлі ай сайын айлығын әжесіне әкеліп, тиынына дейін санап, тізерлеп отырып қолына береді екен. Немересінің ер жеткенін көрген әже риза болып, қуанып, батасын беріп, айналып-толғанады екен. Менің әкем ол кезде 4-сыныпта оқиды екен.Содан бері әкемнің бала арманы өз еңбегімен ақша тауып, тізерлеп отырып әжесіне алып келу. Сол арманына 9-сыныпта жетіпті, алғашқы тапқан табысын, үйге әкеліп, тізерлеп отырып, әжесіне алып келгенін толқып айтып бергенде, көздеріне жас толды, әжесін сағынған шығар деп ойладым… Содан бері, менің де арманым, табыс тауып, ата-анамның қолына тапсыру болды. Табыс табу үшін фитнесс залында істедім, жүк тасуға да келістім, жұмыс істей жүріп сетевой маркетингпен айналыса бастадым, өйткені Р.Кеосаки да сетевой маркетингпен айналысқан екен. Мен де айналыса бастадым. Алғашқы табысымды осы жерден тауып мақсатыма жеттім. Екі айдың ішінде (370.000.KZT) таптым.Тек қана НЛ ден армандаған мақсатыма қол жеткізіп,өзіме бизнес көзін таптым. Әрі қарай ерінбей еңбектенсем, миллиондаған табысқа қол жеткізуге болатындығына көзім жетті!" — деген жазба қалдырып, неге екені белгісіз бірақ пікірді бұғаттап тастапты.

Десе де ұлының бұл жазбасын продюсер мырза өз парақшасында бөлісті. Оны оқыған оқырмандар Бекболаттың жазбасынан жанарларына жас алғанын, болашақта армандарына жетуін тілеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар