Бұл туралы sn.kz хабарлайды.
«Адамның беті қалың болса, қиын екен ғой. Кеше жаңалықтардан Ерлан Біләлдің театрда Абай бейнесін сомдап жүргенін көрсетті. Қылмыскер екендігі (пара алу — қылмыс) сот арқылы дәлелденген адамның Абайды сомдауға қалай беті барады? Оның орнында мен болсам, екі қолымды төбеме қойып қаңғып кетер едім. Болмаса, асылып өлер едім…», – деді қоғам белсендісі өзінің facebook-парақшасында.
Еске салайық, ақпан айының 7-сі күні Алматының Алмалы аудандық соты Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарған.
Ал, осыдан 2 апта бұрын Тұңғышбай Жаманқұлов театрдағы басты рөлдерінен шеттетіліп, қойылымдардан қысқартылып жатқанын айтқан. Тіпті, келіншегі де театр басшылыңынан қысым көріп жүргенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
Ерлан Біләлдің өнерін тамашалау үшін 2 көрермен Атырау мен Семейден ұшып келген
Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан