Қылмыскерлерді ұстау кезінде полиция лейтенанты жарақат алды - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыскерлерді ұстау кезінде полиция лейтенанты жарақат алды - Павлодар облысы

Қылмыскерлерді ұстау кезінде полиция лейтенанты жарақат алды - Павлодар облысы

Павлодар облысында қылмыскерлерді ұстау барысында полиция лейтананты жарақаттанды.

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 158
Фото - Caravan.kz

Ұсталған үш күдіктінің кісі өлтіру мен зорлау қылмысына қатысы бары анықталып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, 15 желтоқсан күні Ақтоғай ауданының полиция бөлімшесіне 62 жастағы ауыл тұрғыны қоңырау шалып, белгісіз адамдар ұялы телефон сатамыз деген сылтаумен үйге кіріп алғанын айтқан. Қарақшылар үйдің отағасын пышақпен қорқытып, үйден 35 мың теңгені алып кеткен.

Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары бірден қолға алынған.

«Аудан орталығында іздеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция инспекторы Мұхамедғалы Ахметов пен жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ерболат Әтехан іздеудегі адамдарға ұқсас екі күдіктіні байқап қалған. Ұстау кезінде олардың бірі қашып кетпек болып, полиция лейтенанты Ерболат Әтеханды жаралаған. Алайда құқық қорғаушылар оларды бәрібір қолға түсірді. Дәл осы күні үшінші күдікті де ұсталды», — делінген хабарламада.

Бұдан кейінгі тергеу амалдарының нәтижесінде, олардың екі ауыр қылмысқа қатысы бары анықталған. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сенсек, бұрын аталған күдіктілер Павлодар қаласында жалдамалы пәтерде 25 жастағы әйелді зорлаған. Бұдан кейін «ВАЗ-2110» автокөлігінің иесімен келісіп, Набережное ауылына жеткеннен кейін жүргізушіні қылқындырып өлтіріп, денесін орманға лақтырып кеткен.


Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 99,120,192 және 380 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар аталған қылмыстарға байланысты кінәлі деп танылса, 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар