Жарияланды: 760

Қылмыстардың қайталануын қысқартып, және сотталғандандарды сауықтыру үшін ҚАЖ жүйесінде арнайы заңдар қажет

«Қазақстандағы түрме реформасына жәрдемдесу» (ҚТРЖ) қоғамдық қоры (ҚҚ) сотталғандардың арасында қылмыстың қайта қайталануының алдын алу және оларға еңбекке құқық беретін заң қабылдауын өтініп, елбасына жүгінді.

«Қазіргі уақытта қылмыстың қайталануын азайту үшін алдын ала шара қолданудан басқа мемлекет қаражатын үнемдейтін шара жоқ. Біз бірқатар қылмыс құрамдарын декреминалдау туралы айтқанымызбен, оларды әкімшілік қылмысқа жатқызғанымызбен, немесе олар үшін жазаны жұмсартқанымызбен, егер нақты шаралар қолданбасақ, ешнәрсе де өзгермейді», - делінген президенттің атына жазылған ҚТРЖ үндеуінде. Қор жетекшісі Анна Коробейщикованың пікірінше «рецидивизм пайызы бұрынғысынша 80%-дан «асып» тұра береді. Ол рецидивтерді қысқарту түрмедегілерді жұмысқа тарту арқылы, және ол үшін инвестиция тартып, түрмелер мен колониялардың ішінде өндіріс ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады деп есептейді. «Бұл олардың еркіндікке шығуын дайындаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі, ол үшін ҚР ӘМ ҚАЖК жауап береді. Біз мақсатты капиталы бар ҮЕҰ ұйымдастыру ұсындық. Онда инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастырылған», - деді А. Коробейщикова. «Бірақ түрмеден босағандарды өмірге бейімдеу мәселесі жергілікті атқару органдарына, яғни әкімдіктерге жүктелген. Біз жергілікті атқару органдларына бірнеше рет жүгіндік. Біз ҚР әділет министрі Р. Түсіпбековқа да осы мәселеге қатысты өз ұсыныстарымызбен жүгіндік. Бірақ осы мәселелерге қатысты нақты жауап ала алмады. Тек қана сырғытпа жауап алдық», - делінген ҚҚ президент атына жолдаған хатында. «Біз әкімшіліктерден және ҚР ӘС ҚАЖК-ден алынған жауаптарға талдама жасай отырып, түрмеден босатылғандарды жұмыспен қамтамасыз ету және оларды қоғамдық тіршілікке бейімдеу керектігі туралы сіздің нұсқауларыңыз орындалмай отырғанына көзіміз жетті», - деді А. Коробейщикова. Осыған байланысты ҚТРЖ ҚҚ Нұрсұлтан Назарбаевтан ҚР парламенті арқылы түрмеден босатылғандарды өмірге бейімдеу бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ-ларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін немесе әділет министрлігі арқылы ҮЕҰ-ларға жеке гранттық жүйені ұйымдастыратын заң жобасын дайындауды сұрайды. Сондай-ақ мақсатты капиталы бар (эндаумент-қоры) мамандандырылған ҮЕҰ құру мүмкіндігін парламентте қарастыру ұсынылады. Және де осы мәселеге қатысты бірқатар заң жобаларын да парламентте және қоғамды талқылау ұсынылып отыр. «Мақсаттық капиталы бар (эндаумент)ҮЕҰ туралы заңды қабылдау - экономикалық және саяси құбылыс болып және ҚР ӘМ ҚАЖ-сін реформалауға қажет бюджеттен тыс қаражат көзі болып табылар еді», - деп есептейді қордағылар. Сондай-ақ қоғамдық қор мүшелері түрмелердегі өндірістерді де реформалаудың бірқатар тәсілдерін ұсынып отыр. ҚТРЖ мәліметтерінше қазір Қазақстан түрмелерінде 60 мыңнан астам сотталғандар отырса, олардың 80 %-дан астамы рецидивистер, яғни бірнеше рет түрмеге түскендер болып табылады. «2009-шы жылы ҚАЖ мен оның барлық құрамдарын қаржыландыруға мемлекет қазынасынан 20 миллиардтан астам қаражат жұмсалған. Бұл цифр осы бағытта шұғыл шаралар қажеттігін көрсетеді», - дейді А. Коробещикова. «Біз түрмеден босайтындардың еркіндікке шығуын дайындау ҚАЖ жүйесі арқылы жүргізілетін психологиялық бағдарламалармен қатар еңбек арқылы көмектесу де қажет екендігіне сенімдіміз. Бірақ соңғысы, өкінішке қарай, әзірге атқарылмай отыр», - дей келіп ол, «сотталып шыққандарда өз еңбегімен қаражат таба алатын нақты құқығы түрмеден соң да болуы керектігін» еске салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін