Қылмысты жасырған құқық қорғау органдарының 65 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, 3-еуі жұмысымен қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмысты жасырған құқық қорғау органдарының 65 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, 3-еуі жұмысымен қоштасты

Қылмысты жасырған құқық қорғау органдарының 65 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, 3-еуі жұмысымен қоштасты

Ағымдағы жылдың бес айы ішінде қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық қадағалау органдарының 65 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, ішкі істер органдарының 3 қызметкері қызметтерінен босатылды.

  • 3 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурадан хабарлады.

Ағымдағы жылдың бес айында прокуратура өкілдері жасырылған 68 қылмысты анықтап, есепке қойған, оның ішінде 3-еуі аса ауыр, 4-еуі — ауыр қылмыстар. Нәтижесінде қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық қадағалау органдарының 65 қызметкері, соның ішінде 3 жетекші, құрылымдық бөлімшелердің 7 бастығы тәртіптік жазаға тартылды. Ішкі істер органдарының 3 қызметкері қызметтерінен босатылды.

Мысалға, СҚО Жамбыл ауданының прокуроры «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ның трансформаторларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы Аудандық ішкі істер бөлімінің қаулысының заңдылығына тексеріс жүргізіп, нәтижесінде тергеу алды тексерістер барысында алынған деректердің бұрмаланғандығын анықтады.

«Полиция қызметкерлері істің ізін суытпай тергеу алды іс-шараларды жүргізудің орнына, көшірме техникасын пайдалана отырып, АҚ-ның ұсынған анықтамасына өзгерістер енгізген. Нақты айтқанда, мәтіндегі «ұрланған мүліктің құны» сөздерін «зақымданған мүліктің құны» сөздеріне өзгерткен. Бұдан кейін, 2011 жылғы 30 сәуірде Р. есімді шұғыл уәкіл ҚР Қылмыстық кодексінің 187-ші бабында көрсетілгендей, қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарған», — делінген таратылған хабарламада.

2011 жылдың 1 маусымында Жамбыл ауданының прокуратурасы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі қозғау үшін Аудандық ішкі істер бөлімінің қаулысын заңсыз деп таныды. Қазір материалдарды бұрмалау және қылмысты жасыру фактісі бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен тергеу алды тексерістер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар