Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының бас есепшісіне қазынаның 2 млн. теңгесін тонады деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының бас есепшісіне  қазынаның 2 млн. теңгесін тонады деген айып тағылды

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының бас есепшісіне қазынаның 2 млн. теңгесін тонады деген айып тағылды

ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының бас есепшісіне қазынаның 2 млн. теңгесін тонады деген айып тағылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2003
  • 415
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өзінің лауазымдық құқығын асыра пайдаланған бас есепші басқарма қызметкерлерінің жалақысына арналған қаржыны екі жыл бойы тонап келген. Агенттіктің түсініктемесіне сәйкес, басқарма басшылығына өз әрекетін білдірмеген бас есепші жасанды құжаттардың көмегімен банктен келген қаржының тек бір бөлігін ғана басқарманың кассасына кіріс ретінде жазып, сол арқылы есепке алынбаған артық қаржы көзін түзу нәтижесінде соңынан бұл қаржыны бас пайдасына жаратып келсе керек.

Аталмыш қылмыстық істі тексеру барысында жалпы көлемі 2 млн. теңгені құрайтын қаржы жымқыруға қатысты 8 оқиға әшкереленді. Оның 1 миллион теңгесі алдын-ала тергеу барысында бюджетке қайтарылды.
Қазір қазына қаржысын тонаушы әйел тергеу абақтысында отыр.

Соңғы жаңалықтар