Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық істерді қысқартуға негіз болатын мән-жайлардың бәрін негіздеп қайта қараған дұрыс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық істерді қысқартуға негіз болатын мән-жайлардың бәрін негіздеп қайта қараған дұрыс

Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық істерді қысқартуға негіз болатын мән-жайлардың бәрін негіздеп қайта қараған дұрыс

Қылмыстық іс қозғауда бүгінгі таңда тіркелген арыздардың басым көпшілігі кері қайтарылған материалдарға байланысты.

  • 3 Маусым 2011
  • 580
Фото - Caravan.kz

Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиынында сөз болды.

«Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық істерді қысқартуға негіз болатын мән-жайлардың бәрін негіздеп қайта қараған дұрыс шығар. Себебі бүгінгі таңда тіркелген арыздардың басым көпшілігі кері қайтарылған материалдарға байланысты болып отыр. Сондықтан қандай негіздермен соның бәрі қысқарып қалатынын қайта қараған жөн шығар», — дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков.

Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа комитеті мүшесінің айтуынша, айғақтардан бас тарту бүгінгі күні жай ғана жұмысты жеңілдету тұрғысынан жасалмауы тиіс. Адамның бас бостандығы, тінту жүргізу, жеке тексеру, құжат беру мәселелерінде одан бас тартуға әзір ерте. Ол әлі де талқылауға жататын мәселе.

Соңғы жаңалықтар