Жарияланды: 510

Қылмыстық істерді сотта қарау мерзімін шектеуге болмайды - Рамазан Сәрпеков

Қылмыстық істерді сотта қарау мерзімін шектеуге қазір ешқандай қажеттілік жоқ.

Оны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков бүгін Алматыда «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиынында айтты. Парламент Мәжілісінің Заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Құмарбекұлының айтуынша, қазір көп жағдайда сот жариялы түрде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда сотқа барған азаматтардың қандай сот процесін таңдап алатыны олардың өз құзырында. Сондықтан сотта қылмыстық істерді қараудың мерзімін шектейтін болсақ судьялардың қарауына ұсынылған өтініш пен шағымдар сол қалпында қалып қояды да кейін бәрібір оларды қайта қарауға мәжбүр боламыз. Сондықтан бұл мәселені заң жобасын талқылау барысында арнайы қарастырған жөн.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть