«Қылмыстық-процессуалдық кодекске арқау болған жалпы принцип — қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізуге қатысушы тараптардың теңдігін қамтамасыз ету болып табылады»,- деді Р.Юрченко. Дейтұрғанмен, іс жүзінде «заңмен мүлдем регламенттелмеген жайттар кездесіп жатады. Ондай жағдайда Жоғарғы сот заңдағы ақтаңдақтарды сот тәжірибесі негізінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, өз түсініктемесі арқылы толтыруға тырысады. Ал кей жағдайларда заңдылық тарапынан араласу қажеттігі туындайды»,- деді ол.
Мәселен, Р.Юрченконың пайымдауынша, процеске қатысушы жақтардың кәсіби заңгерлік көмек алуға тең құқығын қамтамасыз ету жөніндегі талап күні бүгінге дейін Конституцияға сәйкестендірілмеген. «Айыпталушы жақтың, қылмыстық жауапкершілікке тартылушы тұлғалардың бұл құқығы реттеліп, қылмыстық-процессуалдық нормаларда көрініс тапқан». Ал зардап шегуші жақтың кәсіби заңгерлік көмек алу құқығы туралы «нақты норма жоқ»,- деді Р.Юрченко.
Сондай-ақ, ол «қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы қорғаушының құқығы аясын кеңейту мәселесін қарауды» ұсынды. Оның пікірінше, бұл бәсекелестік принципіне тікелей қатысты. «Айыптаушы жақта мемлекеттік және жеке меншік екі айыптаушы бар. Демек, шын мәнінде әрқашан екі бірдей айыптаушы табылады. Ал айыпталушының бірнеше қорғаушыға қаржы төлеуге шамасы жете бермейтіні белгілі. Сол себепті қорғаушының процесске қатысу аясын кеңейткен жөн секілді»,- деді Р.Юрченко.
Осы орайда ол заң шығарушы билікті «адам құқығына әсер ететін, оны қорғауға бағытталған бүкіл заң жобаларын» қоғам өкілдері, бейресми және халықаралық ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып талқылауға шақырды. Заңгер пікірінше, «сондай жағдайда ғана Ата заң мен халқаралық құқық талаптарына сай келетін, қоғамымызда адам құқығын қамтамасыз ете алатын заңдар қабылданады».