Қылмыстық қудалау органдары өндірісінде теріс пиғылды құрылыс жүргізушілерге қатысты барлығы 19 қылмыстық іс қозғалған - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмыстық қудалау органдары өндірісінде теріс пиғылды құрылыс жүргізушілерге қатысты барлығы 19 қылмыстық іс қозғалған - Бас прокуратура

Қылмыстық қудалау органдары өндірісінде теріс пиғылды құрылыс жүргізушілерге қатысты барлығы 19 қылмыстық іс қозғалған - Бас прокуратура

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қылмыстық қудалау органдары өндірісінде теріс пиғылды құрылыс жүргізушілерге қатысты барлығы 19 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Қазан 2008
  • 707
Фото - Caravan.kz

С.Нұрпейісовтың айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура үлескерлердің құқығын бұзған құрылыс компаниялары жұмысындағы заңдылықтың сақталуын тексеруді одан әрі жалғастыруда.Тексеру қорытындысы бойынша теріс пиғылды құрылыс жүргізушілерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық қудалау органдар өндірісінде барлығы осы санатта 19 қылмыстық іс қозғалған.

Бүгінгі күні республика соттары 5 қылмыстық іс қарады. Әр түрлі мерзімдерге 7 адам сотталды. Тағы 1 іс Астана қаласының Алматы ауданының №2 сотының қарауында.

Одан басқа, қылмыстық қудалау органына қосымша тергеу жүргізу және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құрылыс компаниялардың басшыларына қатысты 20 материал жіберілді.

Сонымен қатар, үлескерлердің құқығын қорғау және ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары теріс пиғылды құрылыс компаниялардың 123 нысаны мен 160 автокөліктеріне тыйым салды.

Прокурорлар облыстық жергілікті атқарушы органдарының атына заң бұзушылықтарды, оған жолашқан себептер мен жағдайларды жою туралы 7 ұсыныс енгізді.

Құрылыс компаниялар және олардың лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы 35 істің 22 ісі қаралды. Нәтижесінде, 11 заңды және 11 лауазымды тұлға жалпы соммасы 829 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аймақтық прокурорлардың алдына үлескерлердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету және олардың жан жақты қолдау жөнінде қойылған міндеттер ойдағыдай іске асып жатқанын атап айта кеткен жөн.

Мысалы, Астана қалысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп үлескерлердің мүдделері үшін үлеске қатысу келісім шарттарының күшін жою және ақшаларын қайтару, сонымен қатар құрылыс жүргізушілердің аяқталмаған құрылыс нысандарына, қаражатына, жылжымалы және жылжымалы емес мүліктеріне тыйым салу жөнінде талап арыз берді.

Қазіргі уақытта астананың арнайы ауданаралық экономикалық сотына 1438 үлескердің мүддесі үшін 12 талап арыз жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар