Қымбат көліктің ішіне бұзып кіріп, алаңсыз ұйықтап жатқан ұры қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қымбат көліктің ішіне бұзып кіріп, алаңсыз ұйықтап жатқан ұры қолға түсті

Қымбат көліктің ішіне бұзып кіріп, алаңсыз ұйықтап жатқан ұры қолға түсті

Магнитоланы ұрламақ болғанда көзі ілініп кеткен. Ақтаулық полицейлер шетелдік қымбат көліктің ішіне бұзып кіріп, онда алаңсыз ұйықтап жатқан ұрыны қолға түсірді.

  • 8 Қазан 2013
  • 221
Фото - Caravan.kz


Араққа сылқия тойып алып, түнделетіп көшеге шыққан ұры машина терезесін сындырып кірген. Сөйтіп, магнитафонды алмақ болған. Алайда әбден шаршаса керек, кішкене мызғып алуды жөн көріп, көліктің артқы орындығында ұйқыға бас қойыпты. Бірақ ұзақ жата алмаған. Көліктің терезесі шағылғанын көрген тұрғындардың бірі полиция шақыртады. Бөлімшеге жеткізілген ұры сөзбұйдаға салмай, қылмысын бірден мойындады.