Қырғыз депутаттары Шардара су қоймасына қатысты үкіметаралық хаттаманың күшін жоюды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз депутаттары Шардара су қоймасына қатысты үкіметаралық хаттаманың күшін жоюды талап етуде

Қырғыз депутаттары Шардара су қоймасына қатысты үкіметаралық хаттаманың күшін жоюды талап етуде

Қырғыз парламенті депутаттарының пайымдауынша, Шардара су қоймасына қатысты үкіметаралық хаттаманың күшін жою қажет, немесе Қырғызстанның өнеркәсіп орындарының жұмыссыз тоқтап тұруға мәжбүр болғаны үшін көршілес мемлекеттерден өтемақы талап еткен жөн,- деп хабарлайды Бішкектен KZ-today тілшісі.

  • 11 Наурыз 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың ақпан айында Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан вице-премьерлері деңгейінде кеңес өтіп, оның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылған. Хаттама мәтініне сәйкес, Қырғызстан Нарын су электр станциялары каскады арқылы су өткізу мөлшерін секундына 500 текше метрге дейін азайтуға, ал Қазақстан жағы Қырғызстандағы электр қуатының кем қалған мөлшерін толықтыру үшін Бішкектегі жылу электр станциясына мазут пен көмір беруге келіскен. Қазақстан Сырдарияға секундына 700 текше метр су жіберіп отыруы тиіс . Тәжікстан 12-ақпаннан бастап Қайраққұм су қоймасынан жіберілетін су мөлшерін секундына 950 текше метрге дейін азайтуы тиіс болатын. Ал Өзбекстан 20-ақпаннан бастап суармалы алқаптарды шаю үшін секундына 300-350 текше метр су алуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Өзбекстан жағы Арнасай ойпатына секундына 550 текше метр су өткізуге жағдай жасайды делінген.

Қырғызстан заң шығару жиынының (парламенттің төменгі палатасы) отын-энергетика кешені жөніндегі комитетінің төрағасы Тайыбек Сарпашевтің пікірінше, аталмыш хаттаманы қабылдау салдарынан Қырғызстан үкіметі 200 млн. сомнан (қазіргі жағдаймен бір доллар шашамен 43 сомға бағаланады) қағылды.
Қырғызстан үкіметінің атынан аталмыш құжатқа қол қойған вице-премьер Базарбай Мәмбетов бұл мәселе бойынша депутаттардың пікірін қолдап отыр. Оның айтуынша, су қорын бүтін жыл бойы тоқтаусыз пайдаланатын көршілес республикалар су-энергетикалық ынтымақтастық саласы бойынша жүктеп алған міндеттемелерін көп жағдайда ұмытып кетеді.

Соңғы жаңалықтар