Қырғыз оппозициясы жаңа үкіметті жасақтай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз оппозициясы жаңа үкіметті жасақтай бастады

Қырғыз оппозициясы жаңа үкіметті жасақтай бастады

Қырғызстан президентінің және үкімет басшысының міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев күш құрылымдарының жетекшілерін тағайындау туралы алғашқы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда халық бірлігі үйлестіру кеңесінің жетекшілерінің бірі Феликс Кулов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 422
Фото - Caravan.kz

Ф.Куловтың айтуынша, ІІМ-нің жетекшісі міндетін атқарушы болып таяуда ғана Қырғызстан Республикасы бас прокурорының қызметінен босатылған Мықтыбек Әбділдаев тағайындалды. Ал қорғаныс министрінің міндетін атқарушы болып бұрынғы парламент депутаты Исмаил Искаков, бас прокурордың міндетін атқарушы болып бұрынғы депутат Әзімбек Бекназаров, әділет министрінің міндетін атқарушы болып Еркін Мамыров тағайындалды.

Қырғызстан президентінің іс басқарушысы міндетін атқарушы болып Ақылбек Дюшенбиев, көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы болып Ишенбай Қадірбеков тағайындалды.
Ал Қырғызстан парламентінің кезектен тыс сессиясында Құрманбек Бакиев Қырғызстан президентінің және үкімет басшысының міндетін атқарушы болып бекітілді.

Перейти к новостям спорта