Қырғыз президенті өз бизнесін 35 млн АҚШ долларына сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз президенті өз бизнесін 35 млн АҚШ долларына сатқан

Қырғыз президенті өз бизнесін 35 млн АҚШ долларына сатқан

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 5 сәуірде елдің бас прокуроры Индира Жолдубаеваны қабылдады.

  • 5 Сәуiр 2017
  • 397
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланғандай, кездесу барысында Алмазбек Атамбаев бас прокурорға "2003 жылдың қаңтар айында А. Ш. Атамбаевқа тиесілі Измир қаласындағы өндіріс кәсіпорнының акция пакетін түрік кәсіпкеріне 45 млрд түрік лиріне немесе 35 млн АҚШ долларына сатқанына" дәлел келтіретін құжат тапсырған.

Хабарға қарағанда, бұл ақпарат 2003 жылдың 31 қаңтарында Түрік Республикасы ақпараттық бюллетенінде жарық көрген.

"Осылайша, бұл құжат Өмірбек Текебаевтың Атамбаев отбасында қомақты ақша 2010 жылдан кейін пайда болды дегенінің жалған екенін тағы бір дәлелдейді", — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

"Неге түскен табысының көзін тек қана Атамбаев көрсету керек? Өмірбек Текебаев және оның жақтастары, өзге де партия өкілдері 2010 жылдың 7 сәуірінен кейін пайда болған миллиондаған қаржының көздерін көрсету керек. Мұны 2010 жылы 7 сәуірде "Ала-Тоо" алаңында қаза тапқандардың туыстары мен балалары да талап етеді. Мұны қоғам да талап етеді! Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің заңсыз байығандарды жауапкершілікке тартатын бапты еске алуы қажет", — деген президенттің сөздеріне сілтеме жасайды мемлекет басшысының ресми сайты.