Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың кенже қызы Әлия Шагиева тұрмыс құрды. Бұл туралы Sputnik ақпарына сілтеме жасаған ras.kzхабарлады.
Қазір Санкт-Петербургтегі Рерих атындағы көркемсурет училищесінде оқып жүрген қыздың өзі осы жайында Instagram-дағы аккаунтында жазыпты. Оның өмірлік жары ретінде таңдап алған адамы Костя есімді славян нәсілді жігіт көрінеді.
«Мен жалпы екі адамның бірігіп түскен суреттерін мүлдем қаламаймын, тап сондықтан Костямен бірге жүрген 4 жылдың ішінде бірге түскен бірде-бір суретіміз болған жоқ. Мен сондай-ақ жеке өмірімді жалпы көпшіліктің назарына салып тұруды да жек көремін. Бірақ бүгін ерекше күн, осындай тамаша күні күліп, суретке түсуіміз керек. Жылы леп. Біз енді ерлі-зайыптымыз. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынмын», – деп жазады 19 жасар Әлия Шагиева.