Қырғыз қойшысы қазақ кәсіпкеріне қошқарын 50 мың долларға сатпай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз қойшысы қазақ кәсіпкеріне қошқарын 50 мың долларға сатпай қойды

Қырғыз қойшысы қазақ кәсіпкеріне қошқарын 50 мың долларға сатпай қойды

 

  • 20 Қыркүйек 2021
  • 734
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Шу облысы Қант қаласының тұрғыны Тимур Тұрынбеков Ак Башат ауылында өткен көрмеде 50 мың долларға қошқарын сатудан бас тартты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Turmush таратқан ақпаратқа қарағанда, мал өсірушінің гиссар тұқымды қойлары көп екен.

Қошқарым енді ғана 2 жас 7 айға толды. Сондықтан сатпадым. Біз одан көп тұқым алуымыз керек. Кошқардың бойының биіктігі ­- 1,3 метр, салмағы — 187 келі. Тек ірі әрі күшті қошқарларымнан туған қошақандарды ғана сатамын,

— дейді Тимур Тұрынбеков.


Turmush

Оның әкесі гиссар тұқымын 1980 жылдардан бері өсіріп келеді.

Әкем 30 жылдан бері қой бақты. Кеңес дәуірінен бері. Сосын мен оның ісін жалғастырдым. Балаларым жәрдемдеседі. Қойларымыз Корабль деген атақты қошқардан тарайды,

— деп мақтанады қойшы.

Аталған көрмеде асыл тұқымды бір қошақан 35 мың долларға, екіншісі 15 мың долларға сатылыпты. Ал, "Фокус" есімді 3 жасар қошқарын сатып алғысы келген қазақстандық кәсіпкерлерге тіпті 50 мың АҚШ долларына да бермей қойды.