Ол үшін арнайы ұшақ бөлінген. Оған марқұмдардың туыстары да мінеді. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.
Сенбі күні таңертең Мәскеуде «Печатный экспресс» баспаханасына тиесілі қойма өртенген еді. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың 14-і Қырғызстан азаматтары. Аталған елдің сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қаза тапқандар – 18-25 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Өлгендердің үшеуі – Ресей азаматтары. Дәл қазір Қырғызстанның тағы үш азаматы Мәскеу ауруханаларында ауыр жағдайда жатыр екен. Айта кетейік, осы қайғылы оқиғаға байланысты бүгін Қырғызстанда қаралы күн жарияланды.