Фильм қырғыз және орыс тілдерінде жүргізіледі. Авторлардың айтуынша, Назарбаев жас кезінде бірнеше жыл Қырғызстанда жүрген, фильм дәл осы кезеңге арналған.
«Біз Назарбаевпен таныс болған, дос болған бірнеше адамды таптық. Олар бізге қызықты сұхбат берді. Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, мәдениетімізді жақсы біледі. Қазір Қазақстанда 300 мыңға жуық қырғызстандық мигрант жүр, бұл үшін оған алғысымызды білдіреміз», — деді Омурзак Толобеков.
Фильмді құрастырушылардың айтуынша, Қазақстан Президенті өзінің жастық шағын еске салатын фильмді көріп үлгерді. Сондай-ақ, продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсіргенін, фильм бюджеті 20 мың долларды құрағанын атап өтті.
Фильм 55 минутқа созылады. Картинаны биылғы 17 ақпаннан бастап, Қырғызстан кинотеатрларынан тамашалауға болады, деп жазады kabar.kg.
«Фильм бюджеті 20 мың долларды құрайды. Оны өзіміз қаржыландырдық және бауырлас қазақтардан кино түсіру үшін ақша сұраған жоқпыз. Жалғыз сұрағанымыз — фильмді қазақстандық телеарналарда көрсету ғана», — деді О.Толобеков.