Қырғыз түрмесінен қашқан соңғы содырдың көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз түрмесінен қашқан соңғы содырдың көзі жойылды

Қырғыз түрмесінен қашқан соңғы содырдың көзі жойылды

Қырғыз түрмесінен қашқан 9 содырдың соңғысы құрықтау операциясы кезінде оққа ұшты. Алтынбек Итибаев Бішкектегі тұрғынүйлердің бірінде жасырынып, күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс-шабыс кезінде тағы бір миниция қызметкері мен екі тұрғын да көз жұмған.

  • 24 Қазан 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерге бекініп алған Итибаев «Калашниковпен» атысып, біразға дейін арнайы жасақты табалдырықтан аттап бастырмапты. Ақыры граната қолдануға тура келген. Жойқын жарылыс салдарынан жапсарлас пәтердегі екі тұрғын да бақилық болды. Негізі арнайы операция басталмас бұрын тұрғындардың барлығы экокуацияланған екен. Ал екі адамның қалай іште қалып қойғаны белгісіз. Атыс кезінде сондай-ақ арнайы жасақ қызметкерінің бірі ауыр жараланып, кейін ол ауруханада көз жұмды. Естеріңізге салсақ, 9 содыр Шу облысындағы түрмеден 12-ші қазан күні қашқан болатын. Бесеуі сол күні-ақ ұсталса, топ жетекшісі күні кеше қолға түсті. Ал қалған үш лаңкестің көзі жойылды. 

Соңғы жаңалықтар