Қырғыздар Бішкектегі “Бостандық” монументін Ақаевтің әйеліне ұқсайды деп құлатып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыздар Бішкектегі “Бостандық” монументін Ақаевтің әйеліне ұқсайды деп құлатып тастады

Қырғыздар Бішкектегі “Бостандық” монументін Ақаевтің әйеліне ұқсайды деп құлатып тастады

Қырғыздар Бішкектің орталығындағы “Бостандық” монументін алып тастады. Басшылық осы күнге дейін еркіндіктің белгісі болған ескерткішті, шын мәнінде мүлдем басқа мағнада деп шешіпті. 

  • 30 Шiлде 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

Әйел бейнеленген тас мүсін елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың жұбайы -Майрам Дүйшенқызына қатты ұқсайтын көрінеді. Осылайша ана бейнесіндегі ескерткіш құлатылып, орнына Манас батырдың монументі тұрғызылмақ. Қырғыз басшылары тек осы аңыз тұлғаның ескерткіші елге тыныштық пен бейбітшілік әкелетініне сенімді. Тіпті көпшілік арасында “ел астанасы Бішкекті Манас атауына өзгерту керек” -деушілер де жоқ емес. Жоспар бойынша, жаңа ескерткіш 31-ші тамыз Қырғызстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңыда бой көтеруі тиіс.


Мәулен Асқарбеков, Қырғызстандағы “Жастар кеңесі” ұйымының жетекшісі:

-Бұл әйел шала кейінген. Жеңі жоқ, шашы қысқа. Біздің қырғыз елінің әдет-ғұрпына, рухына әсер беріп, біріктіру мақсатын алып жүрген жоқ. Бұл әйелдің жүзі Майрам Дүйшенқызына ұқсайды.  

Соңғы жаңалықтар