Қырғыздың экс-депутатының сотында үлкен жанжал шықты  - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыздың экс-депутатының сотында үлкен жанжал шықты 

Қырғыздың экс-депутатының сотында үлкен жанжал шықты 

Қазақстанда істі болып жатқан қырғыздың экс-депутаты мен жамбылдық миллионер Есбол Жапбасов тура сот залынан қашып кете жаздады.

  • 25 Сәуiр 2019
  • 48
Фото - Caravan.kz

Трансұлттық қылмыстық топ құрды деп айыпталған екеуі мен олардың тағы 10 сыбайласына судья үкім оқып жатқанда сотқа келген жақтастары жанжал шығарды. Осы оңтайлы сәтті пайдаланған сотталушылар қоршауды бұзып қашпақ болды. Бірақ қосымша қарулы күзет тобы дер кезінде жетіп, қылмыскерлерді ұстап алды.

Ал үкім сол күйі соңына дейін оқылмай жайында қалды.

Сот залында аяқ астынан басталып кеткен жаға жыртысты пайдаланған «Жапбасовтар» қылмыстық тобының мүшелері қоршауды бұзып қашпақ болды. Алайда, қосымша қарулы күзет дер кезінде жетіп, 12 сотталушыны түгел қолын қайырып әкетті. Бірақ та қиғылық салғандар сот залын оңайлықпен босата қойған жоқ. Төбелес сотталушыларды алып кеткеннен кейін де жалғасты.    

Мұнда үкім оқылып жатқан. Бірақ судьяға үкімді соңына дейін оқып бітуге мүмүкіндік берген жоқ. Көріп тұрсыздар, мұнда төбелес болып жатыр.

Ал үкім кезінде бүлік шығарғандардың барлығы да жамбылдық миллионер Есбол Жапбасов пен Қырғызстан Жоғары Кенешінің экс-депутаты Дамирбек Асылбекұлының туыстары мен достары. Сот залын астан-кестең қылғандарға судьяның үкімі ұнамай қалды.       

Әділеттілік қайда? Әділеттілік бар ма? О құдай!

Жанжалға басқандардың арасында, қылмыстық топтың жетекшісі Есбол Жапбасовтың енесі де бар.


Әсемкүл Жұмабаева, Е. Жапбасовтың туысы:

— Не деген сұмдық! Бір кінәсі жоқ адамға 15 жыл беріп жатыр! Адам өлтірді ма? Халыққа қарсы шықты ма? Халық жауы ма?

Туыстар мен қарулы күзет арасындағы текетірес осы Есбол Жапбасовқа үкім оқып жатқанда басталғанын айта кетейік. Қазақ-қырғыз шекарасында бірталай жылдан бері контрабандамен айналысты делінген қылмыстық топқа соңғы нүкте қоюы тиіс процесс тып-тыныш басталған. Басты күдіктілердің бірі қырғыз депутаты тіпті көңілді отырған. Сотталушылар судья үкімді оқи бастағанда да тайсалмай тұрды. 

Саусағын шошайтып, айқайға басқандар сол күйі үкімді соңына дейін оқуға мүмкіндік бермеді. Тәртіпсіздік кезінде судья залдан шығып кетті. Ал қағаздағы үкім үстел үстінде қалып қойды. Сот қызметкерлері бүлікшілерді ақыры далаға қуып шықты. Қалай дегенмен де «Жапбасовтар» ұйымдасқан қылмыстық тобына үкім бәрібір де шықты. Сот 12-сін де кінәлі деп тапқан. Басты күдікті Есбол Жапбасов 14 жыл арқаласа, қырғыз депутаты мен оның оң қолы 10 жылдан алды. Ал қалғандары бұдан екі есе аз жаза арқалады. 
 

Соңғы жаңалықтар