Мәскеудегі "Каро" кинотеатрлар желісінде фильмге билеттер ашық сатылымға шыға бастады.
"Құрманжан Датқа" — Қырғызстан үкіметінің тапсырысы бойынша түсірілген алғашқы көркем фильм. Фильмде 19-ғасырдағы Алай қырғыздарының патшайымы болған Құрманжан Датқаның даналығы мен жігерлі мінезі арқасында халқының Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы тұрған қиын кездегі бірлігін сақтап қала алғаны бейнеленеді.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2014 жылы тамызда өткен.