Жарияланды: 470

Қырғыз-өзбек шекарасынан тағы тыныштық кетті

Қырғыз-Өзбек арасында тағы да қақтығыс. Бұл жолы жанжал өзбекке тиесілі Сох анклавы маңындағы 50 шақырым жерге қатысты туындап отыр. Таластың арты тіпті шекарашылар мен тұрғындар арасындағы жанжалға ұласып, алашапандылар 30 қырғызды кепілге алған. Десе де екі ел билігі арасында жүргізіліп жатқан келіссөзден кейін бүгін тұтқындардың барлығы бостандыққа шығарылыпты. Соған қарамастан шекарадағы шу әлі сабырсымай тұрған тәрізді.

Өзбек-Қырғыз қақтығысы өткен сенбіlt басталған-ды. Жергілікті ақпарат көздеріне сүйенсек, дау таластағы жерден туған. Қырғыз шекарашылары өзбектердің Сох анклавасына іргелес тұрған Чарбақ ауылына электр бағандарын орнатпақ болған сәтте. Содан жұрт көрші ел сарбаздарының жұмысына бөгет жасамақ болған. Тас атып, қаһарын көрсеткен көрінеді. Наразы топтың бетін қайтару үшін қырғыз шекарашылары аспанға оқ атуға мәжбүр болыпты. Бірақ іс насырға шауып, келесі күні Сох тұрғындары орнатылған жарық бағандарын құлатып қана қоймай, Чарбақтың 6 тұрғыны бар 30 азаматты кепілге алған.

Қалыбек Ахматов, Чарбақ ауылының тұрғыны:

- Көбіне жастар, 25-30 шамасындағы. Бірден көліктерге тап беріп, сындырып жатты. Біз қашып үлгердік.

Осы қақтығысытан кейін мыңдаған қызғыз Бішкектегі Үкімет үйінің алдына жиналып, биліктің «шекараны жөнге келтіруін» қатаң талап етті. Әсіресе, ел шетіндегі ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды. Өйткені Сохпен шектеліп жатқан 50 шақырым жер әлі таласта тұр.

Ескендір Мәмбеталиев, Қырғызстан шекара қызметі төрағасының орынбасары:

- Енді біз шекараны нақты белгілеуді қолға алуымыз керек. Әзірге шыдамдылық танытуды сұраймын. Бұндай жағдай қайталанбауына барын саламыз.

Ал соңғы мәліметке қарағанда, кепілге алынған 30 адам қазір түгелімен бостандыққа шығарылыпты. Бірақ көбі оңбай таяқ жеген. Соның 7-уі түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Ал қазір екі ел билігі өзара келіссөздер жүргізу үстінде. Сондай-ақ, Қырғызстан прокуратурасы Сох тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қозғамақ деген де ақпар бар. Айта кесек, бұл алауыз болып жүрген қызғыз бен өзбекке қатысты туындап отырған бірінші жанжал емес. Осыдан 3 жыл бұрын Ош облысында да қақтығыс болып, жүздеген адам өліп, мыңдағаны жараланған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін