Жарияланды: 300

Қырғызстан арнайы қызметі гашиштің ірі мөлшерін тәркіледі

Қырғызстанда Ресейге өткізілмек болған ауған есірткісінің ірі мөлшері жолда қолға түсті. Бұл туралы бүгін «Интерфакс» агенттігіне ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мен тәжікстандық әріптестерінің бірлескен шарасы барысында Қырғызстан арқылы Тәжікстаннан Ресейге есірткі тасымалдайтін контрабандалық канал әшкереленді. Ұсталған көліктен жалпы салмағы 28 кг ауған гашишінің 55 орамасы табылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін