Қырғызстан астанасында оппозицияның мыңдаған жақтаушылары мемлекеттік телерадиокешеніне қарай бет алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан астанасында оппозицияның  мыңдаған жақтаушылары мемлекеттік телерадиокешеніне қарай бет алды

Қырғызстан астанасында оппозицияның мыңдаған жақтаушылары мемлекеттік телерадиокешеніне қарай бет алды

БІШКЕК. 3 қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасында оппозицияның мыңдаған жақтаушылары мемлекеттік телерадиокешеніне қарай бет алды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстаннан.

  • 3 Қараша 2006
  • 445
Фото - Caravan.kz

Шерушілер мемлекеттік телеарнаның Бишкектің орталық алаңында өтіп жатқан оқиғаларды шынай көрсетуін, әрі оппозициялық «Реформалар үшін» қозғалысының көсемдеріне теледидардан сөйлеуге мүмкіндік беруін талап етпекші.

Кеше Қырғызстанның ұлттық телеарнасынан премьер министр Феликс Құлов пен парламенттің төрт депутаты, сонымен қатар оппозициялық «Реформалар үшін» қозғалысының өкілі Әзімбек Бекназаров арасындағы пікірталасты көрсеткен болатын. Алайда оппозициялық топ саяси тартысқа берілген уақыт тым аз деп баға берді.

Жуырда оппозицияның кезекті мәжілісінде үкімет үйін, мемлекеттік телерадиокорпорация кешенін және Бішкек әкімшілігінің ғимаратын басып алу туралы сөз болған. Бұл мәжілістің бейнематериалы бүгін парламетте депутаттар назарына ұсынылды. Осыған орай депутат Өмірбек Текебаев Қырғызстан Республикасының бас прокуратураға шағымданып, жиналысты заңсыз таспаға түсіру туралы қылмыстық іс қозғауды талап ететінін мәлімдеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта