Шұғыл мәліметтерге сәйкес, қарашаның 2-сінен 3-іне қараған түні тіркелген қылмыстардың саны жай күндердегімен бірдей. Өткен түнде «Реформалар үшін!» оппозициялық қозғалысының бірнеше жүздеген жақтастары Бішкектің орталық алаңындағы шатырларда түнеп шықты. Митингіні ұйымдастырушылар оларды астық тамақпен және одеялдармен қамтамасыз етті.
Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Кулов кеше кешке ұлттық телевидение арқылы сөйлеген сөзінде Бішкек тұрғындарына бейбітшілік пен тәртіпті қамтамасыз ететіндігі жөнінде кепілдік берді. Үкімет басшысы шараны ұйымдастырушылар «болуы мүмкін тәртіпсіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін дербес жауапкершілік жүктейді», деп атап өтті.
Оппозицияның митингісі бүгін таңертеңгі 10-да қайта жалғасады. Шараға қатысушылар президент пен үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті