Қырғызстан әуе диспечерлері америкалық әуебазасынан 15 миллион доллар талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан әуе диспечерлері америкалық әуебазасынан 15 миллион доллар талап етуде

Қырғызстан әуе диспечерлері америкалық әуебазасынан 15 миллион доллар талап етуде

БІШКЕК. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның әуе диспечерлері америкалық әуе базасынан қарызын өтеу үшін 15 миллион доллар талап етуде. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында "Кыргызаэронавигация" кәсіподақ комитетінің төрағасы Анарбек Дооталиев мәлімдеді,-деп хабаралайды Kazakhstan Today агнеттігінің тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 426
Фото - Caravan.kz

А. Дооталиевтің айтуынша, бұл «Манас» әуебазасының 5 жылғы қарызы. «Алғашқыда базаның әскерилері диспетчерлердің қызметіне ақы төлеп келген, алайда біраз уақыттан кейін ақша төлеуді қойды,-дейді ол.

Кәсіподақ басшысы қарыздың төленбеуінен кәсіпорын не нацигациялық қондырғыларын жаңарта алмай, не қызметкерлерге жалақы төлей алмай отыр. Табыстың төмендігінен біздің мамандар Қазақстан мен Ресейге кетіп жатыр,-деп атап өтті Дооталиев.

Егер қаржы аударылмаса, «Кыргызаэронавигация» кәсіпорнының қызметкерлері АҚШ Әуе күштерінің ұшақтарына қызмет көрсетуді тоқтатады.

Өз кезегінде «Кыргызстан» әуе компаниясы кәсіподағының төрайымы Наталья Смоленская АҚШ Әуе күштерінің ұшағы мен «Қырғызстан» әуе компаниясының Ту 154 лайнері қақтығысқаннан соң әуе компаниясы 3 миллион доллар көлемінде шығын көрген.

Смоленскаяның айтуынша, осы оқиғадан кейін әуе компаниясы бірқатар рейстерді тоқтатқан. Олардың қатарында президенттік және үкіметтік рейстер де бар. Кәсіподақ төрайымының айтуынша, ұшу құрамы осымен екі айдан бері ақысыз демалыста көрінеді. Әрі «олар оңайлықпен қалыпқа келмейтін ұшу қабілеттерінен айрылып қалуы да әбден мүмкін» деді. Әуе компаниясы америкалықтар ең болмағанда шығынның бір бөлігін қайтарады деген үмітте.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 26 қыркүйегінде америкалық жанармай толтырғыш ұшақ ұшу алаңына шығып кетіп, ұшуға бет алған Ту 154 лайнеріне барып соғылады. Қақтығыстан АҚШ Әуе күштерінің ұшағы жанып кетеді. Ал азаматтық борттың бір қанатына үлкен ақау келуге байланысты қонуға мәжбүр болды.

«Манас» әуебазасы /бұрын Ганси атанған/ 2001 жылдың желтоқсан айынан бері Бішкектен 30 шақырым жердегі «Манас» әуежайының аумағында орналасқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта