Жер сілкінісі ошағының координаттары: солтүстік ендіктегі 40.84 градус, шығыс бойлықтағы 79.89 градус. Магнитудасы mb=4.4. Энергетикалық класы — 10,3, деп хабарлайды Қазақстандық ұлттық мәліметтер орталығынан.
Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмологиялық орталығының мәліметтерінше, жерасты дүмпулердің ошағы Ат-Башы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 83 шақырым жерде және Алматы қаласынан 321 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі бір шақырымды құрады.
Алматы ТЖД-нен хабарлағандай, қалада жерасты дүмпулері сезілген жоқ.