Қырғызстан аумағында жер сілкінісі қайталанды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.37
  • 609.97
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан аумағында жер сілкінісі қайталанды

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі қайталанды

Бүгін сағат 11.26-да Қырғыстан Республикасы Сейсмология институтының стансасы 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады КирТАГ.

  • 18 Қараша 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Жер сілкінісінің магнитудасы — Mpv=4.3, энергетикалық класы — K = 9.9.

Қырғызстан Республикасының ҰҒА Сейсмология институтының алдын ала деректеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Чайчи ауылының оңтүстігіне қарай 8 шақырым қашықтықта, Лянгар ауылынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Қаблан-Кол ауылының солтүстік-батысына қарай 12 шақырым, Ош қ. оңтүстік- шығысына қарай 35 шақырым жерде орналасты.

Қырғызстан Республикасының Чайчи, Каблан-Кол, Лянгар елді мекендерінде — 3,5 балл,  Қызыл-Туу, Боз-Қараған, Бек-Жар, Қара-Шоро, Баш-Булақ ауылдарында -3 балл, Қызыл-Корғон,  Ош  қаласында —   3  балдық жер сілкінісі болды.

Алдын ала деректерге сүйенсек, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.


Бұдан бұрын 17 қарашада Қырғызстан оңтүстігінде қуаты 4-тен 6 балға дейін жеткен жер сілкінісі болған.