«Апат болғаннан бастап түріктермен өтемақыны өтеу туралы келіссөздер жүргізіліп келді. Түріктер әуелден қажетті көмекті беруге дайын болды. Бұған қоса, олар ата-анасыз қалған екі балаға қамқорлық жасағылары келеді», — деді Абулгазиев.
Вице-премьер тұрғындарды өтемақы өндіріп беруді ұсынғандардың жетегінде кетпеуге шақырды. Ол мемлекеттің зардап шеккендерге өтемақы өндіріп беруге мүдделі екендігін айтты.
Абулгазиевтың хабарлауынша, төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы есебіне 91 миллион сом жиналған.
Еске салайық, «Боинг-747-400» жүк ұшағы 16 қаңтарда шамамен сағат 7.20-да "Манас" әуежайына жақын маңдағы Дачи-СУ ауылына құлады. Ұшақ Гонконг — Стамбул бағытымен ұшып шыққан. Әуе апатынан 39 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті.