Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушы тағайындалды

Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушы тағайындалды

Бүгін, 20-қыркүйекте Қырғызстан бас прокуратурасының ұжымына Бұсырманқұл Табылдиев жаңа басшы ретінде таныстырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасының бас прокуратурасынан хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2005
  • 325
Фото - Caravan.kz



Жаңа басшыны республиканың қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мирослав Ниязов таныстырды.
Кеше кешкісін баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Б.Табылдиев бұрынғы бас прокурор Әзімбек Бекназаров пен оның орынбасары Нұрланбек Жээналиевтің жұмыстан босатылу себептерін түсіндіген.
Б.Табылдиевтің айтуынша, Ә.Бекназаров пен Н. Жээналиевті «жүктелген істі бетімен жіберуге» байланысты қызметтен шеттетуге тура келген. Олар республиканың оңтүстігінде жасалған атышулы тапсырыспен кісі өлтіру оқиғаларына қатысы бар күдіктілерді ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, қамаудан босатып жібергені үшін айыпталуда.
Б.Табылдиев бұған дейін Қырғызстан президенті әкімшілігінің қорғаныс және қауіпсіздік істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта